Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімінің мәліметінше, капитан Канат Ниязбеков қызметке салғырт қарады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Естеріңізге салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, қатты жел соққан. Салдарынан 17 әскери қызметші теңізге батты. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.
Қазір аман қалған үш әскери қызметші де қызметін аяқтап, туған жеріне оралды.
Оқиғадан кейін қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.
5 қазанда президент жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, қорғаныс министрлігінде тексерісті күшейтуді тапсырды. Министрлікте бюджеттің тиімді жұмсалуына қатысты жоспардан тыс аудит өтті.