Басты бет / Жаңалықтар /
Әбдішев Батырбек
Әбдішев Батырбек. Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен кетті

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа қызметке ауысатындықтан, қызметінен кетті. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Батырбек Әбдішев төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет еткен кезеңінде азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға, соның ішінде ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыруды жетілдіруге, төтенше жағдайлар министрлігінің IT жүйелері мен платформаларын «Smart Data Uкіmеt» аналитикалық платформасымен біріктіруге, ТЖМ мен оның комитеттері және бағынышты ұйымдарының қызметін қайта жобалау мен цифрландыруға елеулі үлес қосты, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Батырбек Әбдішев 1977 жылғы 19 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қарулы күштердің Жоғары шекаралық командалық училищесін бітірген. «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

1995-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет еткен. 2024 жылғы сәуірде төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған.

Естеріңізге салайық, Тоқаев Қарулы күштер бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіровті лауазымынан босатқан еді. Орнына Айтқұрман Омарбеков тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?