Басты бет / Жаңалықтар /
fde1e88e959debb8b35fe2879f6758b4 Алматы жылыту маусымына дайын: 12 арық желісінің жұмысы 30 қазанға дейін аяқталуға тиіс
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы жылыту маусымына дайын: 12 арық желісінің жұмысы 30 қазанға дейін аяқталуға тиіс

Алматы әкімдігі жылыту маусымына дайын екенін хабарлап отыр. Тұрғын үй қоры, мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары толық дайын. Жылу, электр, газ және сумен жабдықтайтын негізгі кәсіпорындар да қысқа дайындық жұмыстарын аяқтады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың жылыту маусымы мен қысқы кезеңге дайындығы туралы кеңес өткізді.

Жиында қаланың жауын-шашынға және қысқы тазалық жұмыстарына дайындығы да талқыланды. Арық желісіндегі 129 күрделі учаскенің 117-сінде жұмыс аяқталды. Қалған жұмысты 30 қазанға дейін аяқтау тапсырылды. Қалалық қызметтер мен арнайы техника жауын-шашын кезінде және қысқы маусымда жұмыс істеуге дайын, — делінген әкімдік хабарламасында.

Естеріңізге салайық, елімізде Семей қаласынан басқа 11 өңірде жылу қосыла бастады. Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапқа тартуды тапсырды.

Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және күн райына қарай қосылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?