Басты бет / Жаңалықтар /
тұман, ауа райы, жаңбыр, алматы, көлік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жүргізушілер назарына: өңірлер арасындағы ауа райы бұзылады

Алдағы күндері Қазақстанда өңірлер арасындағы ауа температурасының айтарлықтай айырмасы болатындықтан, күн райы тұрақсыз болады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, күн райының қолайсыздығы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қатар, жергілікті жолдардағы жағдайға да әсер етуі мүмкін. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Атмосфералық фронттар өтетіндіктен, солтүстік және орталық өңірлерде күн бұзылуы мүмкін. Қар, жаңбыр аралас қар жауып, күн суып, жел күшейеді, сөйтіп көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін.

Күн райы бір күнде өзгере беруі мүмкін. Күн суығанда жолдың ылғал жабыны тайғақ болып, ал жауын-шашын мен тұман көріну қашықтығын төмендетеді. Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық таңдап, арақашықтық ұстап, күрт маневрден аулақ болған жөн, — делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік сапарға шығатындарға:
• күн райы болжамымен және жүретін жол жағдайын алдын ала білуді;
• сапар уақытын күн райын ескере отырып жоспарлауды;
• белгіленген жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтық ұстауды;
• көпірде, жол өткелінде және ашық учаскеде ерекше сақ болуды;
• күн күрт бұзылса, сапарды кейінге қалдыруды ұсынады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы істейтін «ҚазАвтоЖол» call-орталығынан 1403 нөміріне хабарласып білуге болады.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?