Басты бет / Жаңалықтар /
жылу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Семейге жылу әлі қосылған жоқ. Абай облысы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапқа тартылады

Елімізде Семей қаласынан басқа 11 өңірде жылу қосыла бастады. Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапқа тартуды тапсырды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Жылыту маусымы жоспарға сай басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және күн райына қарай қосылады. Жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған едім. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады, — деді Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Премьер-министр Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапқа тартуды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?