Басты бет / Жаңалықтар /
d157490058d96fe0dfbb7ca327e9c707 Асфальтқа әдепсіз граффити салған жігіт жазаланды
Фото: Jusan Bank

Асфальтқа әдепсіз граффити салған жігіт жазаланды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында қоғамдық орынның көркін әдейі бүлдірген 19 жастағы жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құқық бұзушылықты Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы тексеру жұмыстары барысында анықтаған. Полицейлер қоғамдық орынға граффити салған азаматтың жеке басын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексерді.

Сотта анықталғандай, жас жігіт асфальт жабынына қара түсті аэрозоль бояуымен әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салған. Оның бұл әрекеті қоғамдық орынның көркіне кері әсерін тигізіп, эстетикалық көрінісін бұзды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция азаматтарға қоғамдық орындардың тазалығы мен көркіне ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді. Ортақ пайдаланылатын аумақтарды қасақана бүлдіргендерге заң бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматқа ортақ екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда граффитиге қатысты талаптарды күшейту туралы жазылған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?