Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға А. Байтұрсынұлы көшесінде болған.
Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде бес көліктің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты жел салдарынан от жақын тұрған көліктерге тез тараған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минут ішінде жетіп, жалынды жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдай мамандары қатты жел кезінде өрттің өте жылдам таралуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жалын немесе түтін байқалған жағдайда, дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.
