Басты бет / Ауа райы /
Ауа райы, қыс, ағаш, қар, боран
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

6 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады

6 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы төмендеп, кей қалаларда жауын-шашын жауып, жел күшеюі мүмкін, ал оңтүстікте күн біршама жылы сақталады.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +15…+17°C болады, жел екпіні секундына 8–13 метрге жетеді. Түркістанда +14…+16°C, Таразда +15…+17°C, Талдықорғанда +14…+16°C күтіледі. Алматыда күндіз +14…+16°C болып, жел 3–8 м/с шамасында соғады.

Батыс өңірлерде де ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Ақтауда +18…+20°C, Атырауда +18…+20°C, Ақтөбеде +11…+13°C, Оралда +12…+14°C болжанған. Қонаевта ауа температурасы +16…+18°C аралығында болады.

Солтүстік және шығыс қалаларда күн салқындау. Өскеменде +12…+14°C, Семейде +13…+15°C, Петропавлда небәрі +4…+6°C, қар жауады. Көкшетауда +3…+5°C болады. Қар жауады. Петропавлда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Семей мен Өскеменде де жел күшейіп, кей уақыттарда секундына 20–23 метрге дейін жетеді.

Орталық Қазақстанда Қарағандыда күндіз +5…+7°C, қар жауады. Жезқазғанда +10…+12°C көрсетеді. Астанада ауа температурасы +1…+3°C шамасында болады. Қар жауады. Елордада жел 23–28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Павлодарда +6…+8°C, қар жауады. Қостанайда +6…+8°C күтіледі.

Қызылордада ауа райы жылырақ болып, күндіз +18…+20°C болады. Ал Алматы облысының Қонаев қаласында +16…+18°C температура болжанған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?