Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып жатыр
Фото: Akorda.kz

Қорғаныс саласында үш жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның қорғаныс министрлігі мен қарулы күштерінің бірқатар жоғары лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өкімге сәйкес, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабының бастығы қызметінен босатылды.

Алмаз Дженишевич Джумакеев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстанның қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Оның орнына Айдос Мырзахметов Қазақстанның қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Мақала туралы ойыңыз?