Қазақстан тұрғындары ЖИ-ді нақты мамандықтармен ұштастырып, еңбек нарығында сұраныс бар жаңа бағыттарды игере алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан бағдарламалары
Қазақстанда AI+X моделі мен Astana Hub-тың Tech Orda бағдарламасы арқылы азаматтар жасанды интеллектіні нақты кәсіби бағыттармен ұштастырып, сұраныс бар IT мамандықтарын меңгере алады.
AI+X: жасанды интеллект пен нақты мамандықты қатар меңгеру
AI+X моделінің ерекшелігі – студент тек жасанды интеллект технологияларын оқып қоймай, оны нақты кәсіби салада қолдануды үйренеді.
Модельдегі AI – жасанды интеллект, ал X – нақты кәсіби бағыт дегенді білдіреді. Мысалы, AI білімін қаржы, экономика, бизнес-менеджмент, медицина, құқық немесе инженерия салаларымен ұштастыруға болады.
Бұл бағытта студенттер бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық және терең оқыту, интеллектуал жүйелерді жобалау және AI шешімдерін әзірлеу сияқты дағдыларды меңгереді.
AI+X моделінің алғашқы мысалдарының бірі – Maqsut Narikbayev University (MNU) іске қосқан Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI+X бағдарламасы. Оған алғашында шамамен 70 студент қабылданған.
Қандай IT мамандықтарын меңгеруге болады?
Astana Hub-тың Tech Orda бағдарламасы арқылы Қазақстан тұрғындары цифрлық индустриядағы сұраныс бар бірнеше бағыт бойынша білім ала алады.
Олардың қатарында:
- жасанды интеллект;
- киберқауіпсіздік;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- деректерді талдау;
- Cloud & DevOps;
- GameDev;
- өнім менеджменті;
- UI/UX-дизайн және басқа да бағыттар бар.
Бағдарламаның 2026 жылғы бесінші маусымына Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.
IT саласына мамандығын ауыстырғысы келетіндер де оқи алады
Tech Orda бағдарламасының деректеріне сәйкес, 2021–2026 жылдары 12,5 мыңнан астамазамат білім алған. Олардың ішінде 3,2 мыңнан астам адам бағдарлама көмегімен мамандығын өзгертіп, IT саласында мансабын бастаған.
Мониториң нәтижесі бойынша түлектердің 90%-ы жұмысқа орналасқан, ал олардың орташа жалақысы – 725 мың теңге.
ЖИ маманы болу үшін тек бағдарламалау жеткілікті ме?
Ұсынылған бағдарламаларға қарағанда, жасанды интеллект саласындағы дайындық тек бағдарламалаумен шектелмейді. AI+X моделінде бағдарламалаумен бірге деректерді талдау, машиналық және терең оқыту, интеллектуал жүйелерді жобалау және AI шешімдерін әзірлеу оқытылады.
Алған ЖИ білімін өз салаңмен ұштастырсаң, бұл технология күнделікті жұмысыңдағы нақты тапсырмаларды тез әрі тиімді шешетін құралға айналады.
Тағы оқыңыз: