Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Қазақстанның бір топ жас жігітінің видеосы тараған еді. Олар күзетші болып істейсіңдер деген сөзге сеніп, Ресейге барғанын, енді оларды күштеп, Украинамен соғыс аймағына жібергенін айтқан. Бас тартса, түрмеге түсетінін де жеткізген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отырғанын хабарлады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өзінен немесе туыстарынан тікелей алу керек. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен келіп үлгерді. Министрлікте соғыс жүрiп жатқан аймақта жүрген Қазақстан азаматтарының туыстарының өтінішті қабылдайтын арнайы жедел желі бар, — делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардың құқығын қорғау үшін толық ақпарат, яғни олардың аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және олар жасасқан еңбек шартының талаптары туралы мәлімет қажет екенін айтты. Министрлік осы ақпараттарды табуға БАҚ-тан көмек сұрады.
СІМ Қазақстан азаматтарын Отанына қайтару үшін бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында Ресей тарапымен консультация жүріп жатыр. Бүгін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілімен кездесті, — делінген хабарламада.
Министрлік жақында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесетінін хабарлап отыр.
Соғыс жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына арналған жедел желілер:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 [email protected]
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 [email protected]
ҚР-дың Астрахань қаласындағы бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 [email protected]
ҚР-дың Қазан қаласындағы бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 [email protected]
ҚР-дың Омбы қаласындағы бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 [email protected]
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 [email protected]
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 [email protected]