Басты бет / Жаңалықтар /
дәрігер, операция, ота, хирург
Фото: Depositphotos.com

Ақтауда бала өлгеннен кейін балалар хирургі ұсталды

Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының хирургі ұсталды. Маңғыстау облыстық полициясының мәліметінше, ол кәсіби міндетін дұрыс атқармады деген күдікке ілінген. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Биылғы сәуір айында Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова медициналық қатеден 13 жасар ұлынның хәлі ауырлап, кейін қайтыс болғанын хабарлаған. Ол бұл іске қатысы бар деп санайтындарды жауапқа тартуды талап еткен.

Кейін денсаулық сақтау министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кең ауқымды тергеу бастаған. Жергілікті Lada.kz ақпарат порталының ақпаратына қарағанда, кәмелетке толмаған науқастың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында облыстық балалар ауруханасында балаға медицина көмегін бергенде ұйымдастырушылық, тактикалық және диагностикалық кемшілік анықталған. Баланың жағдайы нашарлап кеткеннен кейін, ол Алматыдағы медициналық мекемеге санитарлық авиациямен жеткізілді. Алайда бала қайтыс болды.

2026 жылғы 1 қазанда облыстық балалар ауруханасының хирургі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Үміт Ілиясова ұсталған дәрігерді қолдап, Facebook-те денсаулық сақтау министрі мен ішкі істер министріне арналған жазбаны бөлісті. Жазбада балалар хирургының ұсталғанына келіспейтіні айтылған.

Мыңдаған баланы құтқарған балалар хирургі ұсталды. Әріптестерінің айтуынша, олар басқаларды да ұстамақшы. Маңғыстау облысында тағы да құқықтық былық өршіп жатыр. Олар оны куәлік беру үшін шақырып, содан кейін адвокатымызға хабарламай қамап қойған. Ұстауға ешқандай негіз жоқ, — делінген жазбада.

Мақала туралы ойыңыз?