Басты бет / Жаңалықтар /
Түрме
Фото: Оsce.org

Beeline, Kcell және Tele2 опраторларына колонияда сигнал деңгейін арттырғаны үшін айыппұл салынды

Қостанай облысының прокуратурасы қылмыстық-атқарушы жүйе (ҚАЖ) мекемелері аумағында ұялы байланыс сигналының деңгейі артып кеткенін анықтады. Нәтижесінде үш ірі операторға айыппұл салынды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

ҚАЖ-ның үш мекемесі аумағында «Кар-Тел» ЖШС («Beeline»), «Kcell» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС («ALTEL, Tele2») байланыс операторларының ұялы байланыс сигналының жол берілетін деңгейден асып кеткен фактісі анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша, уәкілетті орган үш операторды  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 637-бабы 1-бөлігінің 16-тармағында көзделген құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салды. Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабы бойынша, ұялы байланыс операторлары өзінің байланыс желісін оңтайландыруды, оның ішінде ҚАЖ мекемелері аумағында радиосигналдың таралу деңгейін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті, — делінген бас прокуратура хабарламасында.

Прокуратура бұл талаптың сақталмауы ҚАЖ мекемелерінің режимдік талабын қамтамасыз етуге кері әсер ететінін хабарлап отыр.  Бұған дейін облыс прокуратурасымен ҚАЖ мекемелерінде ұялы телефон қолдана отырып жасалған қылмыстар анықталған.

ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның ұялы телефон қолданып, алаяқтық жолмен 4 млн теңгеден астам сома алғаны анықталды. Тергеу барысында одан ұялы телефон тәркіленіп, кінәлі адам қылмыстық жауаптқа тартылды, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?