3 қазанда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа райы жылы болғанымен, жел күшейеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оңтүстік өңірлерде жоғары температура сақталса, солтүстік пен батыста күн салқындау болады.
Шымкентте ауа райы жылы болады. Мұнда күндіз ауа температурасы +27…+29°C-қа дейін көтеріліп, жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түркістанда да күн ыстық болып, ауа +27…+29°C шамасында болады. Таразда күндіз +25…+27°C, жел 9–14 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда күндіз +22…+24°C болады. Қалада жел жылдамдығы 3–8 м/с шамасында күтіледі. Қонаевта ауа температурасы +24…+26°C, ал жел 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылордада күндіз +23…+25°C болып, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Орталық өңірлерде де салыстырмалы түрде жылы болады. Астанада күндіз +19…+21°C, Қарағандыда +19…+21°C, Жезқазғанда +20…+22°C күтіледі. Бұл қалаларда жел жылдамдығы негізінен 9–14 м/с аралығында болады.
Өскеменде ауа температурасы +18…+20°C, Семейде +21…+23°C болады. Талдықорғанда күндіз +21…+23°C көрсеткіші болжанған.
Солтүстік өңірлерде күн салқындау болады. Көкшетауда ауа +16…+18°C, Петропавлда +14…+16°C, Қостанайда +8…+10°C шамасында болады. Ақтөбеде күндіз +7…+9°C, ал Оралда небәрі +4…+6°C күтіледі. Бұл өңірлерде жел жылдамдығы 9–14 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс пен солтүстік-батыста күн айтарлықтай салқын болады. Ақтауда күндіз +15…+17°C, Атырауда +10…+12°C температура болжанған. Атырауда жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с болады.