Басты бет / Жаңалықтар /
Metro сауда желісі
Фото: Forbes.kz

Metro сауда желісі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

METRO AG компаниясы Қазақстандағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Компанияның елдегі барлық алты дүкені мен жеткізу қызметі 2027 жылдың наурыз айының соңына дейін жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, Қазақстан нарығына салынған инвестиция мен бизнесті жергілікті жағдайға бейімдеуге қарамастан, тұрақты позиция қалыптастыру мүмкін болмаған.

METRO Қазақстанның бас директоры Месут Догуканның айтуынша, қазір компанияның 650 қызметкері үшін өте күрделі кезең. Басты міндет – жабылу процесін қызметкерлердің, клиенттер мен жеткізушілердің мүддесін ескере отырып жауапкершілікпен жүргізу.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от METRO Qazaqstan 🇰🇿 (@metro.com.kz)

METRO Қазақстан нарығына 2009 жылдың қазанында кіріп, елдегі алғашқы халықаралық көтерме компанияның бірі болды. 17 жыл ішінде компания дүкендер желісіне, логистикаға және жеткізу тізбегіне қомақты инвестиция салған.

Кейінгі кезде компания қонақүйлерге, мейрамханаларға және бөлшек сауда өкілдеріне қызмет көрсетуге, сонымен қатар тауар жеткізу бағытын дамытуға басымдық берген.

METRO Қазақстан жабылғанша қызметкерлерді қолдауға және барлық процесті еңбек заңнамасы бойынша жүргізетінін хабарлады. Келер айларда клиенттермен және серіктестермен де жауапкершілік қағидаты бойынша жұмыс жалғасады.

METRO – 30-дан астам елде жұмыс істейтін халықаралық көтерме сауда компаниясы. 2024-2025 жылы оның сауда көлемі 32,4 миллиард еуро болған.

Мақала туралы ойыңыз?