Басты бет / Жаңалықтар /
биометрия, дербес дерек, құпия, қауіпсіздік, защита, куәлік, ақпарат
Фото: gov.kz

2 қазаннан бастап дербес деректерді қорғау тәртібі өзгереді

2 қазаннан бастап Қазақстанда дербес деректерді жинау және өңдеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа талаптар Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі №556/НҚ бұйрығымен бекітілген.

Өзгеріске сәйкес, биометрия мәліметтері де дербес деректер ұғымына енгізіледі.

Дербес деректер жинау немесе өңдеу шарттары бұзылса, азамат оларды бұғаттауды және (немесе) жасыруды талап ете алады. Ал заң талаптарын бұза отырып жиналған және өңделген деректер азамат талабы бойынша өшірілуге немесе алып тасталуға тиіс.

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді шетелге беру, барлығы көре алатын орындарда тарату және үшінші тұлғаларға беру азамат келісімімен жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, дербес деректер Қазақстан аумағындағы базада және (немесе) цифрлық нысандарда сақталуға тиіс.

Мақала туралы ойыңыз?