Алматы хайуанаттар бағы 1 қазан мен 7 қараша аралығында «Жаңғақты күз» науқаны өтетінін хабарлады. Науқан аясында қала тұрғындары көшеде шашылып жатқан, қоқысқа айналатын емен жаңғағын теріп, хайуанаттар бағындағы жануарларға жем ретінде тапсыра алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Терілген емен жаңғақтарын Алматы хайуанаттар бағының Орманов көшесі 64 мекенжайында орналасқан қабылдау пунктіне өткізуге болады.
Науқан шарты бойынша, 3 келі емен жаңғағын тапсырған жанға балалар билеті, ал 7 келі жаңғақ тапсырған адамға ересектер билеті беріледі. Билетті 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолдануға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда хайуанаттар бағы тек жануарларға жарамды емен жаңғақтарын қабылдайды. Олар таза, піскен және құрғақ болуы керек. Жаңғақтың табиғи түсі сақталып, көгермеген болуы қажет. Сонымен қатар емен жаңғақтарының арасында жапырақ, тас, бұтақ және басқа да қоқыс болмауға тиіс.
Әкімшілік пестицидтермен немесе басқа да улы химикаттармен өңделген емен жаңғақтарын қабылдамайды.