Ноутбукта USB-C порты болса, оны телефон қуаттағышымен тоққа қосуға болады. Алайда бұл үшін бірнеше шарт орындалуы керек. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ең алдымен ноутбуктың USB-C арқылы қуаттауға болатынын тексеру қажет. Мұны құрылғы сипаттамасынан білуге болады. Онда USB Power Delivery (USB PD) немесе USB-C арқылы қуаттау белгісі көрсетілуі керек.
Қуаттағыш қуаты да маңызды. Мысалы, ноутбуктың түпнұсқа адаптері 65 Вт, ал телефонның қуаттағышы 25 Вт болса, кейбір ноутбуктер төмен жүктеме кезінде қуаттала алады. Бірақ қуаттау жылдамдығы баяу жүреді.
Кабель мүмкіндігін де ескеру қажет. 60 Вт-тан жоғары қуатпен қуаттау үшін әдетте 5 А токқа есептелген USB-C кабелі қажет.
Осылайша, ноутбукты телефон қуаттағышымен тоққа қосудың үш шарты маңызды: ноутбук USB PD-ні қолдауы, қуаттағыш қуаты жеткілікті болуы және кабель қажет қуатты өткізе алуы.
Тағы оқыңыз:
Смартфон қуаты 100%-ға жеткен соң тоқта қанша уақыт тұрған дұрыс? Мамандар жауабы
Көпшілік біле бермейді: енді iPhone-ды басқа iPhone арқылы қуаттауға болады