Ресей президенті Владимир Путиннің кейінгі мәлімдемелерінен Мәскеудің Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын екені байқалмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
BBC талдауынша,Ресей билігі әскери қимылдарды жалғастыру ұстанымын сақтап отыр.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Еуропаның Украинаға көрсетіп отырған әскери көмегін сынға алып, Мәскеу қазіргі жағдайды Еуропаның Ресейге қарсы соғысы ретінде қабылдайтынын айтты.
Ресейдің сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Сергей Караганов бұдан да қатаң мәлімдеме жасап, Еуропа Украинаға қолдауын жалғастыра берсе, қақтығыстың одан әрі өршуі мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай жағдайда ядролық қару қолдану қаупі де болуы ықтимал.
BBC авторы Ресей тарапының бұл мәлімдемелері Мәскеудің соғысты жақын арада тоқтатуға ниетті екеніне белгі бермейтінін атап өтеді.
Ресей билігі Еуропа елдерінің Украинаға әскери және қаржылай қолдауын азайтуды көздейді. Мәскеу бұл көмекті соғыстың жалғасуына ықпал ететін фактор ретінде бағалайды.