Басты бет / Жаңалықтар /
халық, жұрт
Фото: Таңшолпан Төлеген

Астана халқының саны 1 млн 700 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Астана халқының саны 1 млн 700 мың 385 адамға жетті. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Биылғы тамыздағы ақпарат бойынша, Астанадағы халық саны 1 млн 690 мың 605 адам еді. Демек, бір айда қала халқының саны 10 мың адамға артқан.

Елімізде халқы 1 млн адамнан асқан өңірлер мыналар:

  • Алматы облысы — 1 млн 615 мың адам;
  • Жамбыл облысы — 1 млн 210 мың адам;
  • Шымкент — 1 млн 316 мың адам;
  • Қарағанды облысы — 1 млн 130 мың адам.

Ал Қазақстан бойыша халық ең тығыз орналасқан екі өңір бар. Олар: Алматы қаласы (2 млн 387 мың 896 адам) мен Түркістан облысы (2 млн 142 мың 709 адам).

Ал халқы ең аз өңірлер мыналар:

  • Абай облысы — 590 мың 702 адам;
  • Ұлытау облысы — 217 мың 274 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 510 мың 756 адам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?