Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы, жаңбыр, жасөспірім, студент
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Қар аралас жаңбыр. Қазақстанда 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

1–3 қазанда атмосфералық фронттар өтетіндіктен, елдің басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр және қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін, жел күшейеді.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?