Басты бет / Жаңалықтар /
Премия-Оскар
Фото: Politeka.net

«Оскар-2027»: сарапшылар үздік фильм үміткерлерін атады

Голливуд сыншылары, редакторлар және кино саласының басқа да өкілдері пікірлерін жинайтын Gold Derby платформасы номинацияға өту мүмкіндігі жоғары фильмдер тізімін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көш басында «Одиссея» мен «Жабайы жылқы» («Дикая лошадь»)

Тізімде Кристофер Ноланның «Одиссея» (The Odyssey) фильмі бірінші орында тұр. Оның қысқа тізімге ену ықтималдығы 100 пайыз деп бағаланған.

Дәл осындай көрсеткіш «Жабайы жылқы» (Wild Horse Nine) фильмінде де бар. Одан кейін «Ақырзаман жобасы» (Project Hail Mary) – 96,4%, «Қара шар» (La bola negra) – 92,9%, «Дебют» (The Debut) және «Шақыру» (The Invite) – 89,3% көрсеткішпен орналасқан.

«Дюна: Үшінші бөлім» (Dune: Part Three) фильмінің көрсеткіші 82,1% болды.

«Фьорд» фильмінің көрсеткіші төмендеді

Сегізінші орында Себастиан Стэн ойнаған «Фьорд» (Fjord) фильмі тұр. Канн кинофестиваліндегі жетістігінен кейін картина фавориттердің бірі саналған. Алайда кейінгі көрсетілімдер көрермендер арасында әртүрлі пікір туғызған.

Кейінгі бір аптада фильм көрсеткіші 10 пайыз тармаққа төмендеп, 50 пайызға түсті.

Тоғызыншы орында «Әуестік» (Obsession) хорроры орналасқан. Оның көрсеткіші – 46,4%.

«Диггердің» мүмкіндігі аз

Негізгі үміткерлер тізімінің соңында Том Круз ойнаған «Диггер» (Digger) фильмі тұр. Оның көрсеткіші – 39,3%.

Қыркүйектің басында фильмнің көрсеткіші 90 пайыз болған. Алайда Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі алдын ала көрсетілімдерден кейін оның көрсеткіші күрт төмендеген.

«Мен Роккимін» (I Play Rocky) және Elsinore фильмдері де 39,3 пайыз жинаған.

Осылайша, көрсеткіштері бірдей болғандықтан, тізімде барлығы 12 фильм қамтылды.

Номинанттар қашан жарияланады?

«Оскар-2027» номинанттары 2027 жылғы 21 қаңтарда жарияланады. Ал марапаттау рәсімі 14 наурызда өтеді.

Еске салайық, Қазақстанның атынан 2027 жылғы «Оскар» сыйлығына Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі ұсынылды. Картина «Үздік халықаралық толықметражды фильм» санатында бақ сынайды. Бұл шешімді Қазақстан киногерлер одағы жанындағы Қазақстанның «Оскар» комитеті қабылдаған.

Тағы оқыңыз:

2026 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттары қазан айында белгілі болады

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?