Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова мен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарынан күміс медаль алды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ бойынша финала жапониялық Мицуки Кондомен кездесті. Нәтижесінде Жапония өкілі жеңіске жетті.

Осылай, Әбиба қатарынан екі рет Азия ойындарынан күміс медаль жеңіп алып отыр. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.
Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жапон Хаято Кондомен күресті. Белдесуде жапон дзюдошы жеңіске жетті. Ал Елдос Сметов Азиаданы күміс медальмен аяқтады.
Бұл — Елдос Сметовтың Азия ойындарындағы екінші медалі. Дзюдошы бұған дейін Инчхон-2014 ойындарынан алтын медаль алған еді.
Естеріңізге салайық, 28 қыркүйекте Қазақстан қоржынына қатарынан 3 күміс медаль түскен еді.
Ал Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарының чемпионы болды.
Азия ойындарынан тоғызыншы алтын медаль салған жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева медалінен айырылып қалған еді.