Қазақстан заңнамасына сәйкес Конституциялық сотқа бірқатар мемлекеттік лауазымды тұлғалармен қатар азаматтардың өздері де жүгіне алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабында бекітілген.
Конституциялық сотқа ҚҚ Президенті, құрылтай төрағасы, құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігін құрайтын депутаттар, премьер-министр, Қазақстан азаматтары, бас прокурор және адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтініш бере алады.
Конституциялық сотқа жүгіну тетігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға да бағытталған.
Сот қаралып жатқан іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Одан кейін сот аталған нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінеді.
Осылай, сот қолдануға тиіс норма адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қайшы келеді деген негіз болған жағдайда, мәселе Конституциялық Соттың қарауына беріледі.
Жоғарғы сот Конституция бойынша жергілікті және басқа соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы.
Ал Конституциялық сот конституциялық бақылауды жүзеге асырады және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етеді.
Тағы оқыңыз:
Скриншот сотта дәлел бола ма? Жоғарғы Сот әлжелідегі дауларға түсініктеме берді