Басты бет / Жаңалықтар /
ұшқыш, ұшақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Flydubai ұшағы бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қонды: Нетаньяху шұғыл кеңес өткізді

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai жолаушылар ұшағы 30 қыркүйекте бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қонды. Оқиғадан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қауіпсіздік өкілдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұшақ бағытын өзгертті

Үш израильдік қауіпсіздік қызметкері Flydubai рейсінің бағытын өзгертуіне байланысты Нетаньяху кеңес өткізіп жатқанын хабарлаған.

Израиль премьер-министрі кеңесіндегі өкіл әуе кемесінің Сауд Арабиясына бағыт өзгертуі ұшақты басып алу оқиғасы деп есептелмейтінін мәлімдеген.

Оқиғаның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Төтенше кодтар туралы ақпарат тарады

Бірқатар БАҚ пен ұшу деректерін бақылау ресурстарына сүйенген хабарламаларда әуе кемесі алдымен 7700, кейін 7500 кодын бергені айтылды. 7700 — жалпы төтенше жағдайды, ал 7500 — әуе кемесіне заңсыз араласу қаупін білдіретін код.

Алайда бұл мәліметтерді Flydubai немесе авиация саласындағы тиісті ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Израиль жойғыш ұшақтарының әуеге көтерілгені туралы да ақпарат тарады, бірақ бұл дерек те әзірге ресми мәлімдемемен бекітілмеген.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?