Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрьское ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 284-ші өртке қарсы ерікті бекет пайдалануға берілді. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
ТЖМ хабарлауынша, бекет Октябрьское, Гаврино, Зарослое, Хлебороб және Суворовка елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның жауапкершілік аймағында 630 адам тұрады.
Жаңа бекет заманауи техникамен және қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар мен жауынгерлік киім-кешек бар. Еріктілер Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы даярлықтан өтті, — делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметіне қарағанда, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.