Басты бет / Жаңалықтар /
қазақ-герман
Фото: Ақорда

Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды

Тоқаев Германияға ресми сапарының бірінші күні елдің іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшысымен кездесті. Президент кездесуде Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Мұндай платформа Еуропа мен Германияның капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және бірге тәуекел ету тетіктерімен ұштастырар еді. Ал «Бәйтерек» холдингі мақсатты жобаларды құрылымдау жағын қамтамасыз етеді. Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Германияның Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. UFK кепілдігін беретін шарттарға сай және Германия өнеркәсібіне қажет шикізат жеткізуге септігін тигізетін жобаларды ілгерілету де Қазақстан үшін маңызды екені айтылды.

Бұдан бөлек, энергетика және өнеркәсіп секторын жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын қуат көздері мен «жасыл» сутегі жобаларын дамыту аса өзекті. Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен аталған салалардың бәрінде өзара тиімді ынтымақтастық құра алады, — деді президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?