Басты бет / Жаңалықтар /
экс-қорғаныс министрі
Фото: Threads.com/@kazak_trende

Қазақстанда мектептерден экс-қорғаныс министрінің портретін алып тастап жатыр

Қорғаныс министрі ауысқаннан кейін әлеуметтік желіде экс-министр Дәурен Қосановтың портретін оқу сыныбы мен әскери дайындық класынан алып тастап жатқан видеолар жарияланып жатыр. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Threads желісіне бұрынғы қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың портретін алып тастап жатқан видео тарады.

Жұрт мектепте қазіргі мемлекеттік қызметшілердің портретін іліп қойғанға қарсы шығып жатыр. Олардың орнына тарихта аты қалған қайраткерлер мен соғыс қаһармандарының суреті тұру керек екені жазылып жатыр.

Қолданушылар шенеунік қызметін барысында ештеңе өзгертпесе, әскерде сарбаздар өле берсе, соңы осымен бітетінін де жазып отыр.

Желі қолданушылары қорғаныс министрлігінің жаңа басшлығын көз қылу үшін ғана жұмыс істеуді және мектепте портретін ілгізуді қойып, хаықтың қауіпсіздігін ойлауға шақырды.

Естеріңізге салайық, Маңғыстаудағы трагедиядан кейін қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылған еді.

Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?