Еліміздің Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарына жылу қосылды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев үкімет отырысында Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарына жылу қосылғанын айтты. Апта соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерге жылу қосылады.
Оның айтуынша, энергия нысандарында 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры дайындалды, 17 мың шақырым электр беру желісі толық жөнделді. Төрт қосалқы стансадағы жұмыс аяқталуға жақын. 377 шақырым жылу желісінің 374 шақырымы дайын.
Алайда Семейдегі жылу желісінің 82%-ы ғана дайын. Вице-министр бұл қала ерекше бақылауда тұрғанын айтты.
Жұмысты үйлестіру аремьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.