Басты бет Жаңалықтар Ольга Рыпакова «Гауһар лигасынан» үшінші орын алды

Ольга Рыпакова «Гауһар лигасынан» үшінші орын алды

Италияның Рим қаласында жеңіл атлетикадан 2017 жылғы «Гауһар лигасының» төртінші кезеңі өтіп жатыр.

Әйелдер арасында үш қарғып секіруден өткен жарысқа қазақстандық жеңілатлетші Ольга Рыпакова қатысты.

Бірінші орынды 14 метр 84 сантиметр нәтиже көрсеткен венесуэлалық Юлимар Рохас жеңіп алды.

Екінші орынға колумбиялық спортшы Катрин Ибаргуэн жайғасты — 14,78.

Ал Рыпакованың ең үздік нәтижесі оған үшінші орынды алып келді — 14,64.

Осылайша, аталмыш спортшылар сәйкесінше сегіз, жеті және алты ұпайдан алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version