Басты бет / Жаңалықтар /
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты
Фото: t.me/prokadrykz

Әл-Фараби көшесіндегі жол апаты: Алматы ПД бұрынғы бастығы орынбасарының жүргізушісі сотталды

2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігіне барып соғылған еді. Апаттан Mercedes көлігіндегі үш адам да қаза болды. Zeekr көлігін мас күйде айдаған Александр Пак 10 жылға сотталды. Енді Алматы ПД бұрынғы бастығы орынбасарының жүргізушісі Әсет Жақсылықов қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот қауіпті жарысқа қатысқан екінші көліктің жүргізушісі Әсет Жақсылықов екенін анықтады.

Алматының бұрынғы полиция бастығының орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі Әсет Жақсылықовқа қатысты үкім жарияланды. Бұрынғы полиция қызметкері ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген Козачков каналында.

Тергеушілердің айтуынша, полиция қызметкері араласуға міндетті болған, бірақ жай ғана өз шаруасымен кетіп қалған. Ақырында, бұрынғы сержант Қылмыстық кодекстің «Қызметтегі әрекетсіздік» деген 370-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдетілген қауіпсіздік колониясында өтеуге сотталды.

Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігіне барып соғылған еді. Апаттан 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек қаза болды.

Томирис Қыдырбектің әкесі Рүстембек Шәтенов өтемақы ретінде айыпталушыдан 100 миллион теңге талап етті.

Zeekr көлігін айдаған 32 жастағы Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?