Басты бет Жаңалықтар 9 маусымдағы ауа райына болжам

9 маусымдағы ауа райына болжам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсуі мүмкін, деп xабарлайды "Казгидромет".

Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында жел 15-20 м/с артып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының түнде бірқатар аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-пен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version