Басты бет / Жаңалықтар /
қол жуу, ыстық су, суық су
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі қымбаттайды

Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі қымбаттайды. Baribar.kz тариф құны қалай өзгеретінін жазып отыр.

Тұрғындарға тариф қанша теңге болады?

Алматы халқы енді 16% қосалқы құн салығын қосқанда сумен жабдықтау қызметіне 1 текше метріне 178,06 теңге, ал су бұру қызметіне 119,46 теңге төлейді. Демек, қала халқы судың 1 текше метріне 297,52 теңге төлейді.

Қазір халық сумен жабдықтау қызметіне 76,56 теңге, ал су бұры қызметіне 47,50 теңге төлеп отыр.

Бизнес өкілдері қанша төлейді?

Бизнес өкілдері, яғни заңды тұлғалар сумен жабдықтау текше метріне 362,18 теңге, ал су бұру қызметінің текше метріне 264,75 теңге төлейді.

Мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар сумен жабдықтау қызметінің текше метріне 649,60 теңге, ал су бұру қызметінің текше метріне 189,14 теңге тұрады.

Суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар қалай төлейді?

Тұрмыстық қажетті пен санитария-гигиеналық мұқтаждық өтеуге арналған су тұтыну құны 2 670,9 теңге болады.

Суды тұрмыстық емес мақсатта пайдалану (жасыл желекті, көгалды, гүлзарды, бау-бақшаны, ағаштарды, тротуарды, брусчатканы және т.б. суару), жер учаскесінің 1 сотық суару алаңына айына 1 780,60 теңге төленеді.

Суық суды бұру қызметі енді 1791,85 теңге, ал ыстық суды бұру қызметі 376,29 теңге тұрады.

***

Тағы оқыңыз:

Алматыда электр энергиясының бағасы 20% өседі.

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?