Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып жатыр
Фото: Akorda.kz

Тірі қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық көрсеткен үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Тиіс Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте қол қойған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет наградасымен:

  • Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Темірхан Ақжол Тимурұлы – қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Удалов Никита Александрович – қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы) марапатталды.

Жарлықта наградалар әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілгені көрсетілген.

Құжат 2026 жылғы 27 қыркүйекте Астанада қабылданған және қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан еді. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын үкімет комиссиясы анықтап жатыр.

27 қыркүйекте Маңғыстаудағы жағдайдан кейін Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекет наградаларымен құрмет көрсетілді.

Мақала туралы ойыңыз?