Басты бет / Жаңалықтар /
7b9ce69d10a7c0707efd395f38a3b145 Каспийде іздестіріліп жатқан соңғы 2 сарбаздың мәйіті табылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Каспийде іздестіріліп жатқан соңғы 2 сарбаздың мәйіті табылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде іздестіріліп жатқан соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілген. Құтқарушылар мен әскери мамандар теңіз аумағын тексеріп, іздеу жұмыстарын жалғастырған.

Оқу-жаттығу кезінде сарбаздар суға кеткен

Еске салайық, қайғылы жағдай Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан сарбаздар мінген қайық апатқа ұшырап, әскери қызметшілердің бір бөлігі суға кеткен.

Бұған дейінгі мәлімет бойынша, оқиға кезінде 17 сарбаз суға кеткен. Олардың арасынан үш әскери қызметші құтқарылған. Қалғандарын іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Соңғы екі сарбаздың мәйітінің табылуымен теңіздегі іздеу жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға байланысты Қазақстанның бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Ведомство тергеу барысын ерекше бақылауына алған.

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің аты-жөнін жариялады. Сонымен қатар қаза болған сарбаздардың отбасыларына көрсетілетін көмек көлемі де белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде жоғалған сарбаздарды іздеу жұмыстарына ондаған құтқарушы, сүңгуір, кеме мен тікұшақ жұмылдырылған болатын.

Мақала туралы ойыңыз?