Басты бет / Жаңалықтар /
Аза тұту, адам өлімі, қаралы хабар, жалау
Фото: gov.kz

Маңғыстаудағы трагедия: 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Маңғыстаудағы трагедияға орай, 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілер қазаға ұшырағандықтан, Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды, — деп жазылған хабарламада.

Маңғыстаудағы трагедия

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлауы және жел күшеюіне байланысты әскери қызметшілер суға кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 19 әскери қызметші суға кеткен. Оның тоғызы қайтыс болды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратура мәліметінше, Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында көз жұмған әскери қызметшілердің қазасын тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Мақала туралы ойыңыз?