Басты бет / Жаңалықтар /
боғауыз сөз
Видео скрині

Астанада ер адам тікелей эфирде боғауыз сөз айтып, лас әрекетке барған

Астанада әлеуметтік желілерге мониториң жүргізу барысында тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтып, есірткі қолданған ер адам анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, тексеру барысында ер адамның жеке басы анықталған. Ол 36 жастағы Рустам Мухаметрахимов болып шыққан.

Сот шешімімен 10 тәулікке қамалды

Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желіде құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынған. Сонымен қатар медициналық емес мақсатта есірткі затын қолдану фактісі расталған. Осыған байланысты ол жауапкершілікке тартылған.

Полиция есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ер адамның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі.

Мақала туралы ойыңыз?