Басты бет / Жаңалықтар /
Ақмарал Әлназарова
Ақмарал Әлназарова. Фото: Сенат

Министр Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келіскенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін көпшілікке жариялады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл туралы ашық айту маңызды деп білемін. Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан, — деп жазды министр Instagram парақшасына.

Министрдің мәліметіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда, шамамен 184 мың адам eGov-қа қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін тіркеп қойған. Келісім беретіндердің саны артып келеді.

Бүгінде 4 867 Қазақстан азаматы трансплантаттауды күтіп отыр:

  • 4 311 адамға бүйрек трансплантаттау қажет;
  • 212 адамға жүрек трансплантаттау қажет;
  • 314 адам бауыр трансплантаттауын күтіп жүр;
  • 30 адам өкпе трансплантаттауын күтіп жүр.

Мақала туралы ойыңыз?