Құтқарушылар Алматы облысында шатқалда адасып кеткен тоғыз адамды іздеп, тапты. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметіне қарағанда, Қарасай ауданындағы Әктас шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан — екі мұғалім мен жеті оқушыдан тұратын топты іздеп, тапты.
Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылған. Таңертең топ тікұшақтан қарағанда көзге түскен. Құтқарушылар топқа жетіп, қауіпсіз жерге — автотұраққа дейін алып шыққан.
Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері және еріктілер қатысты, — делінген хабарламада.
Оқушылар ата-анасына тапсырылды. Медицина көмегі қажет болмаған.