Басты бет / Жаңалықтар /
автокредит
Фото: Depositphotos.com

Бірнеше жылдық өсімнен соң. Қазақстанда автонесиеге сұраныс азайды

Елімізде бірнеше жыл бойы өсе берген автонесие нарығы енді төмендей бастады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында автонесиеге берілген өтінім саны 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% төмендеді. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметіне қарағанда, азаматтардың автонесие алуды азайтуының бір себебі — жалақы өте баяу өсетіні. Оған қоса, қарыз алатындардың несиені төлей алатын қабілетіне қоятын талап та күшейген. Сөйтіп, автокөлік сатып алуды мақұлдаған өтінім саны 13% азайды. Былтыр керісінше көрсеткіш 68% өскен еді. Мұндағы ең маңызды өзгеріс пайыз шарты болды. Мысалы, автонесие бойынша орташа мөлшерлеме бір жыл ішінде 18.8%-дан 24.4%-ға дейін өсті.

Белсенді субсидияланатын дилерлік бағдарламалар кезеңінде автонесие алатындар көбейген еді. Сол кезде қарыз төлеуге шамасы келетін клиенттер несие рәсімдей алды. Ал қазір сұраныс несиелеудің стандарт шарты бар қарыз алатындарға көбірек ауып отыр. Нәтижесінде сұраныс азайғандықтан, конверсия орташа нашарлағандықтан және мөлшерлеме өскендіктен, автонесие беру көлемі 24%, яғни 886.6 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Автонесиенің 90%-дан астамы — 5-20 млн теңге айналасында. Ал мерзімі өткен автонесие үлесі 2.7%-дан ден 3%-ға өсті. Бұл нарықтағы орташа берешек деңгейнен (4.4%) айтарлықтай төмен. Бұған өнімнің кепіл сипаты мен қарыз алатындарды салыстырмалы түрде қатаң іріктеу ықпал еткен.

Үшінші тоқсанда автониесе алатындар қайта көбеюі мүмкін. Банктер серіктестік бағдарламалар жаңарған соң және автодилердің ставканы субсидиялауы аясында осылай болады деп болжап отыр.

Мақала туралы ойыңыз?