Басты бет / Жаңалықтар /
сот
Фото: Zoda.gov.ua

Интернетте адамға тіл тигізсеңіз, қанша айыппұл төлейсіз?

Елімізде интернетте адамды боқауыз сөзбен сыбайтындардың жазасы күшейді. Қандай да бір мақаланың, әлжелі мен мессенжердегі жазбаның астына жағымсз коммент жазсаңыз, жазаға тартылуыңыз мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Адамды боқтап жазған қолданушы 865 мың теңгеге дейін айыппұл арқалап, ұлтараздық алауыздықты қоздыру сияқты ауыр қылмыс жасады деген үкім шықса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еnergyprom.kz Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегі негізінде интернеттегі боқауыз сөздердің жазасын түсіндіріп берді.

Жыл сайын «Тіл тигізді» деген шағым қаншалық көп түседі?

Тіл тигізу ісі Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі бойынша қаралады. Жәбірленуші құқық бұзушыны дереу сотқа бере алады. Ведомство мәліметінше, жыл сайын сотқа осындай 5,8 мыңнан 6,9 мыңға дейін шағым түседі. Естеріңізге сала кетейік, интернетте біреуге жазбаша немесе ауызша тіл тигізу 2024 жылғы маусымнан бастап қылмыстық құқық бұзуға жатады.

Бір айта кетерлігі, қазір ақпарат ағыны басқа БАҚ түрлеріне қарағанда онлайн БАҚ арқылы айтарлықтай көп түсіп жатыр. Сондықтан 131-баптың 2-бөлігі бойынша кейбір қылмыстық істер «бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған» санатынан «онлайн платформаларда жазылған» санатына ауысуы мүмкін.

БАҚ-та немесе интернетте адамға тіл тигізу істерінің көпшілігі жазасыз қалады. Себеп: дәлел болмағаны, екі жақтың татуласқаны. Мысалы, 2026 жылдың бірінші жартысында қаралған 193 істің 50-і тіл тигізген адамды соттаумен аяқталған, 45 адам ақталған, ал 118 адамға қатысты іс тоқтаған.

Жазасы қандай?

БАҚ-та немесе онлайн платформада біреуге тіл тигізген адамға 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы бар. Бас бостандығын шектеу де бар, бірақ бұл жаза өте сирек беріледі.

Айыппұлдан басқа, адамға тіл тигізген азамат көбінесе жәбірленушіге өтемақы да төлейді. Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларында тағайындалған жалпы сома соңғы жылдардағы ең көп сома болған — 29,3 миллион теңге. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сот тағайындаған жалпы залал 11,7 миллион теңге болды.

Интернетте тіл тигізген адамды анықтау қаншалық қиын?

Аккаунт аноним болмаса, авторды құқық қорғау органдарының көмегінсіз-ақ анықтап алуға болады.

Полиция қылмыстық онлайн мәлімдемелер бойынша істі тергеп жатса (мысалы, мемлекеттік қызметкерге тіл тигізу немесе сепаратизмге қатысу), ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің аноним аккаунттың аты-жөнін, ЖСН-сын және мекенжайын анықтайтын цифрлық құралдары жеткілікті.

Тіл тигізгеннің соңы басқа бап бойынша сотталуға әкелуі мүмкін

Интернетте біреуге тіл тигізу Қылмыстық кодексінің басқа баптары бойынша да қаралуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мұндай қылмыстарға

  • адамның жеке өміріне қол сұғу;
  • жеке деректер туралы заңнаманы бұзу (ең үлкен жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
  • әлеуметтік немесе этникалық араздықты қоздыру (20 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
  • сепаратизм (15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және ҚР азаматтығынан айыру);
  • көрінеу жалған ақпарат тарату (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
  • мемлекеттік қызметкерге тіл тигізу (40 күнге дейін қамауға алу) жатады.

Еnergyprom.kz осы қылмыстар бойынша сотталғандардың жазасын талдаған. Нәтижесінде, елімізде әлеуметтік, ұлттық, этникалық немесе діни араздықты қоздырған адамдарға ең ауыр шара қолданылғаны белгілі болды. Былтыр осы бап бойынша сотталған 49 адамның үшеуі 15 жылдан 20 жылға дейін, алты адам 12 жылдан 15 жылға дейін, 10 адам үш жылдан бес жылға дейін, 14 адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Интернетте мемлекеттік қызметкерге тіл тигізген 27 адамның біреуі ғана үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тағы 13 адам сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылады.

***

Тағы оқыңыз:

«Балағат айту мен анайы әрекет көбейіп барады». Депутат «треш-стримдерге» қарсы шара ұсынды

Мақала туралы ойыңыз?