Басты бет / Жаңалықтар /
Құрылтай депутаттары
Фото: Ақорда

Құрылтайдың жұмыс тәртібі қандай болады? Регламент қабылданды

Құрылтай депутаттары жаңа жұмыс регламентін қабылдады. Құжатта заң жобаларын қарау тәртібі, олардың өту кезеңдері және жаңа конституциялық органдармен өзара іс-қимыл жасау тетіктері айқындалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Регламент бойынша, заң жобасын қарау мерзімдері құрылтай бюросының қаулысымен белгіленеді. Ал заң жобаларын талқылау үш оқылымнан тұрады.

Заң жобалары үш оқылымда қаралады

  • Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады.
  • Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады.
  • Ал үшінші оқылымда заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі, сонымен қатар құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан оның түпкілікті редакциясы талқыланады.

Халықаралық шарттарды ратификациялау мәселелері екі оқылымда қаралады. Бұған дейін мәжіліске енгізілген заң жобаларын құрылтай жаңа регламенттің талаптарына сәйкес қарауды жалғастырады. Бұл құқықтық сабақтастықты сақтап, парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшуге мүмкіндік береді.

Қазақстан халық кеңесімен өзара іс-қимыл тәртібі белгіленді

Жаңа регламентте Қазақстан халық кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі де қарастырылған. Кеңес өкілдері өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша тыңдауларға қатыса алады. Сонымен қатар олар құрылтайдың тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.

Осылайша, жаңа регламент құрылтайдың заң шығару жұмысын ұйымдастыру тәртібімен қатар, өзге конституциялық институттармен өзара байланыс тетіктерін де айқындайды.

Мақала туралы ойыңыз?