Басты бет / Ауа райы /
Күз, қыркүйек, ағаш, қала
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанда бүгін ауа райы 36 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстандағы 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ел аумағының басым бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады, кей жерлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Батыс өңірлерде күн айтарлықтай салқындап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ, тұман және екпінді жел күтіледі.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +24…+26°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +29…+31°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +26…+28°C.

Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +29…+31°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +29…+31°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +34…+36°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +29…+31°C.

Мақала туралы ойыңыз?