Қазақстандық медиакомпания Алматыда түсіріліп жатқан Armour of God: Ultimatum фильмінің түсіріліміне танымал неміс актері Тиль Швайгер қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазір Алматыда Жеки Чан басты рөлдердің бірін сомдайтын Armour of God фильмінің төртінші бөлімі түсіріліп жатыр. Жобаға енді Голливудта танылған актер Тиль Швайгер де қатысады.
Тиль Швайгер 80-нен астам фильмге түскен
Тиль Швайгер көрерменге Knockin’ on Heaven’s Door, Квентин Тарантиноның Inglourious Basterds сияқты фильмдердегі рөлдерімен танымал. Актердің фильмографиясында 80-нен астам картина бар.
«Құдіретті сауыт-сайман 4» түсіріліміне актердің қосылғанын медиакомпания өкілдері үлкен мәртебе деп бағалады.
Біз 80-нен астам фильмде ойнаған актермен бірге жұмыс істеуді үлкен мәртебе санаймыз. Жақын арада оны Жеки Чанмен бірге экраннан көреміз, – деді компания өкілдері.
Фильмнің түсірілімі Алматыда өтіп жатыр. Жобаның басты рөлінде әлемге әйгілі актер Жеки Чан ойнайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram