Басты бет / Жаңалықтар /
Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Толық жауапкершілікті мойнымызға алуымыз керек». Бектенов үкіметке міндет қойды

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін үкімет алдында тұрған негізгі міндеттерді атады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бүгін құрылтайды сайлаудан кейін жаңартылған құрамдағы үкіметтің алғашқы отырысы басталды. Жиында премьер-министр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті.

Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет қандай бағыттарға басымдық береді?

Үкімет басшысы барлық бағыт пен сала бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» конституциялық қағидаттары әрдайым басты орында тұруға тиіс.

Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек, – деді премьер-министр.

Бектенов: «Қажет шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт»

Олжас Бектенов үкімет мүшелері толық жауапкершілікті өз мойнына алып, нақты нәтижелерге бағытталған шешімдерді жедел қабылдауы керектігін атап өтті.

Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажет шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек, – деді ол.

Мақала туралы ойыңыз?