Басты бет / Жаңалықтар /
онлайн-казино
Фото: Depositphotos.com

Алматыда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар 110 млн теңге тапқан

Алматыда заңсыз онлайн-казинолардың төлем жүйесін ұйымдастырған бір топ адам ұсталды. Күдіктілер заңсыз ойын бизнесі арқылы 110 млн теңгеден астам қаражат өткізген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер Olymp Casino, Rukh Poker және 7Kcasino интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырған. Ойыншылардан қаражат қабылдау және оны өңдеу Rocket.do онлайн-платформасы арқылы жүзеге асырылған.

Шетел азаматы дропперлер іздеген

Күдіктілердің бірі шетел азаматы болған. Ол өз банк шоттарын пайдалануға беретін адамдарды іздеп, оларға 200 АҚШ долларына дейін сыйақы ұсынған. Табылған адамдарды Қазақстанға әкеліп, алдымен ХҚО-ға ертіп барған. Сол жерде ЖСН рәсімдетіп, кейін банк бөлімшелеріне апарып, шот аштырған, — делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізген. Сонымен қатар өз есепшотын да пайдалануға берген.

110 млн теңгеден астам қаражат өткен

Нәтижесінде ойыншылардан 16 дроппердің банк шоттарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асқан.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды, – делінген қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Мақала туралы ойыңыз?