Жайлы тұрмыс: уақыт үнемдейтін заманауи технологиялар

Бүгінде сән-салтанаттың өлшемі біртіндеп тұрмыстық күйбеңнен бос уақытқа ауысып келеді. Бұл әсіресе жұмыс, жол, үй шаруасы, бала тәрбиесі мен спорт бір күнді әп-сәтте толтырып жіберетін үлкен қалада анық сезіледі.
Сондықтан бүгінгі таңда үйге арналған технологиялар ең алдымен уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінімен бағаланады. Мұны бітпейтін тірліктің бірі – үй жинау мысалынан анық көруге болады. Заманауи техника енді шаңсорғышты немесе еден жуатын құралды жай ғана алмастырып отырған жоқ, керісінше, бұрын тек қолмен атқарылатын жұмыстың бір бөлігін өз мойнына алады деуге болады.
Intelligent Cleaning тұжырымдамасының негізінде де осы қағида жатыр. Оның мәні – үйді күрделі құрылғыларға толтыру емес, керісінше, күнделікті тірлікке аз көңіл бөліп, өз жоспарыңызға көбірек уақыт қалдыратын кеңістік қалыптастыру.
Робот-шаңсорғыштардың әлемдік нарығында көш бастап келе жатқан Roborock бұл тәсілді іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Компанияның құрылғылары заманауи технологиялардың күнделікті үй шаруасын қалай жеңілдете алатынын айқын көрсетеді.
Үй жинау ауыр міндетке айналмас үшін

Үйдегі тәртіпті көбіне үлкен оқиғалар емес, күн бойы байқатпай жинала беретін ұсақ-түйек бұзады. Таңғы астан кейін үстел астында қиқым қалады, дәлізден бөлмелерге құм тарайды, ал айна алдында қайтадан шаш жиналады.
Үйде жануар болса, еден мен кілемдегі жүн де күнделікті мәселеге айналады. Ал еденде ойнап, жалаңаяқ жүгіретін кішкентай балалар бар үйде еденнің тазалығы тек әдемілік емес, гигиена мәселесі.
Сондықтан тұрақты тазалық жұмыстары біртіндеп күнделікті тірліктің фондық үдерісіне айналып келеді. Робот-шаңсорғыш иелері өз шаруаларымен айналысып жатқанда немесе үйде болмаған кезде кесте бойынша жұмыс істей алады. Мысалы, Roborock Qrevo Curv 2 Flow құрғақ және ылғалды тазалауды қатар орындайды. Қозғалыс кезінде құрылғыға таза су үздіксіз беріліп, пайдаланылған су бөлек жиналады. Жұмыс беті тазалау барысында бірден шайылып отыратындықтан, бір циклде үйдің бірнеше аймағын тазалауға болады.
Осылайша үй жинау тығыз кестедегі міндетті істің бірі болудан қалып, өздігінен жүретін қалыпты үдеріске айналады. Тазалық үшін кешкі уақытыңызды немесе демалыс күніңізді құрбан етудің орнына, үйдегі тәртіпті робот-шаңсорғышқа сеніп тапсыра аласыз.
Пәтеріңіз көрме залындай таза емес пе?

Кәдімгі үй іші бос, едені теп-тегіс бөлмелерден ғана тұрмайды. Бір жерде кілем төселген, бөлмелер арасында табалдырық бар, диванның асты тар, ал дәлізде кешке сөмке немесе аяқкиім жатуы әбден мүмкін.
Сондықтан заманауи робот үшін үйдің картасын бір рет жасап шығу жеткіліксіз. Ол үнемі өзгеріп отыратын кеңістікте бағдар тауып, әртүрлі беттерде тиімді жұмыс істеуі керек. Оның үстіне кәдімгі шаңсорғышқа жүн мен шаш тез оралып, жұмысын қиындатуы мүмкін.
Roborock Saros 20 дәл осындай міндеттерді шешуге арналған. StarSight Autonomous System 2.0 жүйесі кеңістікті талдап, кедергілерді анықтауға көмектессе, бейімделгіш AdaptiLift Chassis 3.0 шассиі күрделі учаскелерде құрылғы корпусының қалпын өзгертуге мүмкіндік береді. Белгілі бір жағдайларда құрылғы жалпы биіктігі 8,8 см-ге дейін жететін екі деңгейлі табалдырықтардан өте алады.
Алайда бұл техникалық сипаттамалардың артында күнделікті өмір үшін әлдеқайда маңызды артықшылық жатыр. Мұндай құрылғыны іске қосар алдында үйді әр жолы мінсіз күйге келтірудің немесе оның бір бөлмеден екіншісіне қалай өтетінін бақылап отырудың қажеті жоқ. Нағыз ақылды техниканың басты ерекшеліктерінің бірі де осы болса керек: өмір салтын құрылғыға бейімдеу емес, құрылғының қалыптасқан өмір ырғағына бейімделуі.
Үй іші үнемі абыр-сабыр болып жатқан кезде…

Балалары немесе үй жануарлары бар, үйде тамақ дайындағанды жақсы көретін отбасыларда жағдай мүлде бөлек. Мұндай үйде еден тек шаң болып қана қоймайды.
Таңертең кофе төгіледі, кешкі астан кейін еденде тұздық тамшылары немесе тамақ пісіргеннен қалған май дақтары пайда болады, бала тамағын түсіріп алады, ал итпен серуен кейде үйдегі лас табан іздерімен аяқталады. Мұндай жағдайларды алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан тазалықты жылдам қалпына келтіру мүмкіндігі ерекше маңызды.
Осындай сәттерде құрылғының автономдылығынан гөрі тазалау жылдамдығы мен сапасы алдыңғы орынға шығады. Тік Roborock F25 ACE Pro шаңсорғышында осы мақсатта JetFoaming технологиясы қолданылады. Тазартқыш құрал қою көбікке айналып, дақтар мен жағымсыз иіс көздерін тиімді тазалауға көмектеседі.
Мұндағы басты артықшылық та уақытпен өлшенеді. Кішкентай дақты кейінге қалдырып, үлкен тазалық жұмысына айналдырудың қажеті жоқ. Оны бірден тазалап, кешіңізді әрі қарай жалғастыра бересіз.
Демалыс күндері қайтадан демалысқа айналғанда
Үйге арналған ең үздік технологиялар уақыт өте келе мүлде назар аудартпайтын деңгейге жетеді. Біз жайлы температураға, автоматты түрде жанатын жарыққа және үй тазалығы үшін арнайы бір кешті арнаудың қажеті жоқтығына үйреніп кетеміз.
Осы тұрғыдан алғанда, Intelligent Cleaning тұжырымдамасы біздің үйге деген көзқарасымыздағы ауқымды өзгерісті жақсы көрсетеді. Бүгінде технологиялар интерьерде қаншалықты көзге түсетінімен емес, өз жұмысын қаншалықты байқатпай атқаратынымен бағаланады.
Бәлкім, бүгінгі жаңа үй жайлылығы дегеніміз де осы шығар. Ол айналаңыздағы ақылды құрылғылардың санымен емес, сол құрылғылардың арқасында қайтадан өзіңізге тиесілі болған уақытпен өлшенеді.