Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы, қала, саябақ, тау, ауа райы, Тұңғыш Президент саябағы
Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағы жөндеуге жабылады. Қайда демалуға болады?

Алматыда Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты жаңарту кезеңінде саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдерінің мәліметінше, жоба аясында саябақ аумағын кешенді абаттандыру, инженерлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру, сонымен қатар демалысқа қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жоспарланған.

Тұрғындар қайда демала алады?

Саябақ жабық болған кезеңде тұрғындар мен қала қонақтары жақын орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Ол келушілер үшін ашық.

Flow Park-ке іргелес аумақтарды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі арқылы өтуге болады. Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының нақты аяқталу мерзімі және оның келушілер үшін қайта ашылатын күні кейінірек жарияланады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.

Мақала туралы ойыңыз?