Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы төртінші айналымда жапон Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Теннисшілер кортта 66 минутқа жуық ойнады. Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, екі рет арты-артынан қате жіберді. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осака екі эйс жасап, бес рет арты-артынан қатеге жол берді. Жапон теннисші өзіне берілген жалғыз брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.
Рыбакина Қытай теннисшісімен ойнайды
Ширек финалда Рыбакина қытай Чжен Цинвенмен кездеседі. Ол төртінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швёнтекті 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Рыбакина Чженді жеңіп, жартылай финалға шықса, ол әлемдік рейтиңде бірінші орынға көтеріледі. Бұл жағдайда Арина Соболенконың турнирдегі нәтижесі маңызды болмайды.
Бір айта кетері, Рыбакина US Open турнирінде алғаш рет ширек финалға шығып отыр. Бұған дейін оның Нию-Йорктегі ең үздік нәтижесі төртінші айналым болған.