Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің жаңа рейтиңін жариялады. Тізімге мемлекетті басқару, қаржы, кәсіп, медиа, қайырымдылық және мәдениет салаларында елеулі ықпалы бар әйелдер енген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Рейтиңтің алғашқы ондығында Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева, «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова, кәсіпкер әрі меценат Әсел Тасмағамбетова, қоғам белсендісі Аружан Саин, «Ана үйі» жобасының негізін қалаушылардың бірі Анар Рахымбаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова бар.
Рейтиңтегі 11-орынды Раушан Қажыбаева иеленді. Ол 2019 жылдан бері президент телерадиокешенінің бас директоры. Бұған дейін премьер-министр кеңесшісі болған. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлт комиссиясының мүшесі.
12-орында Lancaster Group акционері Гауһар Қаппарова тұр. Компания мұнай сервисі, тау-кен және басқа да активтерді қамтиды. Қаппарова бірқатар ритейл жобаларына да қатысады және Нұрлан Қаппаров атындағы қоғамдық қор құрылтайшыларының бірі.
13-орынға Гүлнар Досаева жайғасты. Ол балаларға қолдау көрсететін «Дара» қорының негізін қалаған. Lancaster Holding тобына қатысы бар және люкс ритейл мен онлайн сауда бағытындағы жобаларды дамытып келеді.
14-орында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова орналасқан. Ол бұл қызметті үш жылдан астам уақыт атқарып келеді. Бұған дейін адам құқықтары жөніндегі уәкіл болған.
15-орынды Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова иеленді. Ол алты жылдан астам уақыттан бері қаржы реттеушісінде еңбек етіп, монетарлық операциялар бағытын қадағалайды.
16-орында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұр. Ол бұл қызметке 2023 жылы тағайындалған. «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі.
17-орынға Qaganat қоғамдық тамақтану желісінің негізін қалаушы әрі бас директоры Чинара Бұғымбаева енді. Ол қоғамдық тамақтану саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келеді.
18-орында Алина Алдамберген бар. Ол бірнеше компанияның директорлар кеңесінде және тәуелсіз директор ретінде қызмет атқарады. Forbes мәліметінше, 2026 жылдың мамырында Мускат қор биржасында бизнесті дамыту жөніндегі директор болып тағайындалған.
19-орын президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасоваға бұйырды. Ол бұл қызметке 2025 жылдың желтоқсанында президент кеңесшісі қызметінен ауысқан.
20-орында Астана халықаралық қаржы орталығы биржасының (AIX) басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі Әсел Мұқажанова тұр. Оның қаржы және банк секторындағы еңбек өтілі 25 жылдан асады.
21-орынды кәсіпкер, продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Алагөзова иеленді. Forbes оны шоу-бизнес пен продюсер индустриясындағы ықпалды тұлғалардың бірі ретінде атап, Shine Production продюсер орталығының негізін қалаушы екенін көрсеткен.
22-орында Aubakirova School музыка мектебінің негізін қалаушы әрі көркем жетекшісі Жәния Әубәкірова бар. Мектеп 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
23-орынға Zhanna Kan Group компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Жанна Кан жайғасты. Ол Алматыда өтетін Be Woman форумын ұйымдастырады.
24-орынды Sansi Group зергер холдиңінің негізін қалаушы әрі бас директоры Гауһар Абықаева иеленді. Компания сәнді брендтерді дистрибуциялау және ритейл бағытында жұмыс істейді.
Ал 25-орында кәсіпкер, Parassat бизнес-клубының төрағасы Раушан Жақсыбай тұр. Ол Алматыдағы ACMED әлеуметтік емханалар желісінің иесі әрі Dariger Foundation қорының тең құрылтайшысы.